
Жыл басынан бері өңірде 64 автоөрт болды. Негізгі пайызы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзумен байланысты.
Соңғы оқиғалардың бірі бүгін Жарма ауданындағы Әуезов кентіндегі тас жолда орын алды. 8 шаршы метр аумақта Фольксваген автокөлігі өртенді. Келген өрт сөндірушілер жануды жойды.
Өрттің пайда болуының негізгі себептері болып электр жабдықтарының ақаулары және көлік құралдарын орнату және пайдалану ережелерін бұзу табылады.
«Көліктегі өрт қауіпті, себебі ол білінбей басталады. Ол туралы күйік пен түтіннің иісі сезілгенде белгілі болады. Оттың таралуы үйлердегі өрттерге қарағанда бірнеше есе тез таралады. Барлық процесс санаулы секундтан бастап 2-3 минутқа дейін созылады», - деп атап өтті ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ ММ бастығы Айдос Нүсіпбаев.
ШҚО ТЖД автоөрттке қалай жол бермеуге болатынын еске салады:
- сымдарды қадағалаңыз және бұзушылықтарды уақытында жойыңыз;
- қозғалтқыштың іске қосу алдындағы электр жылытқышының ақаулы болуы себебінен өртті болдырмау үшін оны тексеру және профилактикасын жүргізу, ал авариялық жұмыс режимінің белгілері пайда болған жағдайда-ауыстыруды жүргізу қажет;
- автомобильдің электр сымымен жұмыс істеуді тек мамандарға тапсырыңыз;
- өрт сөндіргіш міндетті түрде сіздің автокөлігіңізде болуы тиіс. Оның жарамдылық мерзімі мен жұмыс жағдайын бақылаңыз.
Өрт шыққан жағдайда дереу «101» нөміріне қоңырау шалыңыз