Қуыршақ жасаушы – құтқарушылар балаларды үйретуде

Қуыршақ жасаушы – құтқарушылар балаларды үйретуде

ШҚО ТЖД құтқарушылары қауіпсіздік шарасының профилактикасы шеңберінде қуыршақ театрының тұсауын кесті. Құтқарушылар дәл осындай жаңа тәсілді «Жаңа Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде балаларды үйрету үшін қолданды. Өскемендік Илья Волковтың балалардың оқиғалары туралы жазған әңгімесі сценарийдің мазмұнына негіз болды. Балалар қауіпсіздік ережесін бұзған, өрт қойып оқыс оқиғаға тап болды. ШҚО ТЖД мамандары балалардың демалу лагерлерінде қуыршақ театрын көрсететін болады, осылайша балаларға жазатайым оқиғаларға тап болмас үшін дұрыс дағдыларға үйретті. Декорациялы театрды ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мамандары өз қолымен жасады.

«Костюмдер тіктік, артқы фонға қою үшін сурет салдық, ережелер есте қалуы үшін  «балалардың тілімен» түсінікті етіп сөйлеуге тырыстық. Профилактиканы креативті түрде ұсыну ШҚО ТЖД-ның дәстүріне айналды десе болады» - деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.

Қойылым кезінде балалар қуыршақ театрының кейіпкерлерін мұқият тыңдап және құтқарушылардан әңгіменің соңында не болады деген қызығушылықтарын жасырмады.

Қуыршақ жасаушы – құтқарушылармен бірге жануарлары бар кинологтар және өрт сөндіру автомобилі де келді, осылай мамандық иесімен таныстырды, ал ең бастысы Балалар жылында өскелең ұрпаққа барынша қызықты материалдар ұсыну болды.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі