Шығыс Қазақстанда орман өрттерімен күрес жалғасуда

Шығыс Қазақстанда орман өрттерімен күрес жалғасуда

       2022 жылдың 01 маусымында "Семей орманы" МОТР аумағында Жаңа-Семей филиалы, Подгороднее орманшылығы орман жабыны аймағында  (қарағай) өрт шықты.

        Өртті сөндіруге ШҚО ТЖ департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, ТЖМ №68303 әскери бөлімінің орманшылары мен күштері жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өртпен арпалыс жалғасуда. Барлығы жеке құрамнан 399 адам және 85 бірлік техника жұмыс істеуде.

         Семей қаласында өрт қауіптілігінің 5 сыныбы жарияланған.

        Өрттің шығу себебі  найзағайдан болды деген болжам бар.

         Өрт алаңы анықталуда.

         Жағдайға әуеден мониторинг жасау үшін "Қазавиаорманқорғау" "Ми-2" тікұшағы тартылды.

         Қазіргі уақытта өрттің таралуы тоқтатылды. Орман іші аймағында жұмыстар жүргізілуде.