Семей қаласының құтқарушылары көп қабатты үйдің түтіндеуі кезінде 27 тұрғынды эвакуациялады

Семей қаласының құтқарушылары көп қабатты үйдің түтіндеуі кезінде 27 тұрғынды эвакуациялады

Семей қаласында құтқарушылар он қабатты тұрғын үйдің тұрғындарына көмекке келді. 31-мамыр күні 20 сағат 30 минутта үйдің  4-ші қабатында орналасқан электр щитте электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан тұтану орын алған. Түтін қою болғандықтан, қауіпсіздік мақсатында, құтқарушылар 27 адамды, оның ішінде 7 баланы эвакуациялады. ТЖ қызметінің қызметкерлері желдетуді жүргізіп,  тұрғындар өз пәтерлеріне аман-есен оралды.
ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады. Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.