ШҚО орманшылары мен құтқарушылары отпен күресуде

ШҚО орманшылары мен құтқарушылары отпен күресуде

2022 жылғы 01 маусымда 14 сағат 27 минутта "Семей орманы" Жаңа-Семей филиалы Подгороднее орманшылығында орман жабыны аймағы (қарағай) жануда. Аумағы шамамен 160 га құрады. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД жеке құрамынан 140 адам мен 34 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, оқиға орнына қосымша ТЖМ №68303 әскери бөлімінің күштері мен құралдары шықты. Алдын ала себебі бойынша - өрт найзағайдан басталды деген нұсқа қарастырылуда. Семей қаласында құрғақ, ыстық ауа райына байланысты өрт қауіптілігінің 5 сыныбы жарияланған.