Балалардың судағы қауіпсіздігі

Балалардың судағы қауіпсіздігі

Балаларды қорғау қорғау күні қарсаңында және басқа да кездерде Глубокое ауданының құтқарушылары аудан тұрғындарының демалыс орындарында рейдтер және суда шомылу кезіндегі балалардың жүріс-тұрыс ережелері туралы, суға батушыларды құтқару кезінде көмек көрсету және алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдеріне оқыту бойынша әңгімелесулер өткізеді. Сондай-ақ, ауданның орта мектеп оқушыларымен «Су айдындарындағы қауіпсіздік» тақырыбында кездесу өткізілді. Халықтың, оның ішінде балалардың суда қаза болуының негізгі себептері азаматтардың құтқарушылардың бақыланбайтын су қоймалары учаскелерінде демалуы, тыйым салынған және жабдықталмаған жерлерде суға шомылу, судағы қауіпсіздік қағидаларын білмеуі немесе сақтамауы және балаларды ересектердің тиісті қарауынсыз судың жанында қалдыру болып табылады. Демалыс орындарында су айдынында болған кезде судағы қауіпсіздік қағидаларының негізгі талаптарын ұстану қажет.

Глубокое ауданының ТЖБ жол берілмейтінін еске салады:

- суға кіруге және алкогольдік және есірткілік мас күйінде шомылуға;

- қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге;

- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге;

- жүзудің шекарасын белгілейтін белгілерден тыс жүзуге;

- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;

- су айдындарына қоқыс тастауға және ластауға;

жағажайда және киім ауыстыратын жерлерде адамға жарақат тигізуі мүмкін заттарды тастамауға;

-жалғаш көмеккке шақыруға;

-балалардың ересектердің қарауынсыз суға кіруіне.