Ер адам Өскеменде газ-ауа қоспасының жарылып, 13 адам эвакуацияланды

Ер адам Өскеменде газ-ауа қоспасының жарылып, 13 адам эвакуацияланды

30.05 Өскемен қ., Набережная Славский көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйде, бірінші қабаттағы пәтерде құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде газ-ауа қоспасының жарылысы орын алды. 1989 жылы туған ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Жарылыс нәтижесінде 1-ші қабаттан 5-ші қабатқа дейінгі әйнектер сынып, оқиға орын алған пәтердегі және іргелес пәтердегі бөлмеаралық қалқалар, бірінші қабаттағы кіру есіктері зақымдалды.

ШҚО ТЖД қызметкерлері үй тұрғындарын эвакуациялады. № 4 подъезден 17 адам өз бетінше шығып, 2 адам эвакуацияланды. № 3 подъезден 11 адам эвакуацияланды.

Оқиға орнында барлығы ШҚО ТЖД 25 қызметкері мен 7 техника жұмылдырылды.