ШҚО құтқарушылары брифингте су айдындарында қайғылы жағдайдың алдын алу туралы айтты

ШҚО құтқарушылары брифингте су айдындарында қайғылы жағдайдың алдын алу туралы айтты

Шығыс Қазақстанда 2 мыңнан астам су қоймасы бар. Адамдардың дәстүрлі түрде қалыптасқан жаппай шомылу орындарының барлығы бірдей шомылуға дайын емес, бұл суда жазатайым оқиғалардың пайда болуының негізгі себебі болып табылады. Жыл басынан бері су айдындарында 3 адам қаза тапты, оның ішінде 1 бала.

Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық орталығында өткен брифингте ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары Дәурен Ағажаев өңірдің су айдындарында жыл сайын азаматтардың өліміне әкеп соғатын себептерге назар аударды-бұл жабдықталмаған жерлерде шомылу, жүзе алмау, өз күштерін дұрыс бағаламау, балаларды қараусыз қалдыру және алкогольдік масаң күйде шомылу.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қаулысымен көпшілік демалатын 16 орын және тыйым салынған 116 орын анықталды. Бүгінгі күні қалалар мен аудандардың әкімдіктері нақты иелеріне жаппай демалыс орындарын бекіту бойынша жұмыстар жүргізуде. Облыс аумағында жабдықталған 6 жағажай бар: Өскемен қаласында - 2 жағажай («Самал» жағажайы және «Көгілдір көлдер» Сол жағалау кешені); Алтай ауданында - 2 жағажай (Жаңа Бұқтырма кентіндегі жағажай және Прибрежный кентіндегі жағажай); Ұлан ауданында-1 жағажай (Сибины көлдерінде «Шалқар көлі»); Үржар ауданында - 1 жағажай (Алакөл көліндегі).

«Жағажайларды зерттеу өңірде дайындық жұмыстары жалғасып жатқанын көрсетті. Суға шомылуға арналған балалар орындары барлық жерде жабдықталмаған, құтқарушылар мен дәрігерлердің стационарлық бекеттерін толық жабдықтау, азаматтардың жүзуін шектеу үшін белгілер орнату талап етіледі», - деп атап өтті Дәурен Ағажаев.

Облыстың барлық демалыс орындарының иелеріне су айдындарында шомылу маусымында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін іс-шараларды орындау қажеттілігі туралы хаттар жіберілді. ШҚО ТЖД "ШҚО суларындағы құтқару қоғамы" қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, жаппай шомылу орындары акваторияларының түбін тексеру және тазалау бойынша жұмыстар жүргізілуде, бүгінгі күні 36 қоғамдық құтқарушы оқытудан өтті.

Әкімдіктермен бірлесіп қауіпсіздік белгілерін орнату бойынша жұмыс жүргізілді, полиция қызметкерлерін тарта отырып, рейдтік іс-шаралар өткізілетін ықтимал қауіпті учаскелерде және шомылуға тыйым салынған орындарда 157 тыйым салу және ескерту белгілері орнатылды.

ЖПҚ - мен бірлесіп патрульдеу ұйымдастырылады, оның нәтижелері бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 364 - бабын – «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» және 440-бабын «Алкогольді ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» бұзған адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тартатын болады.

Шомылу маусымы қарсаңында балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді, мектеп, лагерь директорларымен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша нұсқаулықтар өткізілді, облыс мектептерінің оқушылары үшін интерактивті сабақтар ұйымдастырылды.

Брифинг соңында ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының ШҚО филиалының дәрігері Әлия Тәттібаева суға батып бара жатқан адамға қалай көмек көрсету және реанимациялық іс-шаралар өткізу туралы нұсқама өткізді.