
Семей қаласында Достоевский көшесі бойындағы кафелердің бірінің 2 қабатты ғимаратында ас бөлмесінде төбе жабындарының, терезе және есік блоктарының конструкциялары, сондай-ақ тұрмыстық техника мен жеке заттар жанған.Өртті бірінші болып байқаған және жақын жерде тұратын Дәурен Жанбаев дер кезінде өрт сөндірушілерге хабарлаған.Ол сондай-ақ
1995 және 1985 жылы туған кафенің екі қызметкеріне ғимараттан шығуға көмектесті.Өрттің алдын ала себебі ретінде мамандар электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамауды атады. Дәуреннің қырағылығының арқасында өрт одан әрі таралмады және адамдар зардап шеккен жоқ.
Дәурен қала мектептерінің бірінде директордың орынбасары болып жұмыс істейді.
ШҚО ТЖД нысандардың иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды, өртке әкелуі мүмкін бұзушылықтарды уақытында жоюды, Алғашқы өрт сөндіру құралдарының қажетті санының болуын қамтамасыз ету керектігін ескертеді.
Өрт болған жағдайда дереу 101 және 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.