
Жыл сайын Қазақстанның бүкіл аумағында ҚР ТЖМ әскери бөлімдерінің қатарына шақырау науқаны жүреді.
Патриоттық тәрбиелеу және мамандықтың имиджін арттыру шеңберінде ШҚО ТЖД базасында әскерге шақырушыларды Қарағанды облысындағы әскери бөлімге шығарып салу рәсімі өткізілді. Сәт сапар тілегімен ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов пен Ардагерлер кеңесінің төрағасы Александр Кодубенко сөз сөйледі. Әскерге шақырушыларды қолдауға жақындары да келді.
Шара соңында әскерге шақырушыларға ШҚО ТЖД басшылығы атынан естелік сыйлықтар таратылды.
«Бүгінгі шақырушылар ҚР ТЖМ әскерінің қатарын толықтырады. Әскерге бару, оларды шығарып салу – өте үлкен жауапкершілік. Біздің жігіттерге тәжірибе алып, жинақту үшін ұлкен мүмкіндік туды. Кешегі солдат үйіне оралғанда елі мен адмдарды төтенше жағдайлардан қорғауға дайын қорғаушы болып оралады. Біздің жастарымыз Отан алдындағы борышын адал атқарады деген сенімдемін» - деді Арман Тоқанов.
Шұғыл әскери қызмет жастардың рухани нығайып, ержетуіне ықпал етеді. Әскерден кейін әрқайсысының ҚР ТЖМ қатарын толықтырып, ТЖ жүйесінде қызмет етуге мүмкіндігі бар