
25 мамырда Ақтау қаласында "Жас Қанат" спорт кешенінде өрт сөндіру - құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының Кубогына турнир басталды. Шығыс Қазақстан облысының атынан ШҚО ТЖД ең мықты құтқарушылары қатысты.
Салтанатты ашылу рәсіміне Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Орынбасаров Б.Т., чемпионаттың бас төрешісінің орынбасары, ҚР "өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы" қоғамдық бірлестігі атқарушы комитетінің директоры Дәурен Данаев, өрт күзетінің ардагерлері мен команда өкілдері қатысты.
Турнирде 9 облыс және Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары департаменттерінің командалары, сондай-ақ Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының құрама командасы және 12 әйелдер командасы сынға түсті.
Дәурен Данаев атап өткендей, өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша мұндай жарыстар – бұл шын мәнінде ауқымды, жарқын спорттық оқиға, ол қызметкерлерде ұйымшылдықты, өз еңбегінің түпкілікті нәтижелері үшін жоғары жауапкершілікті тәрбиелейді.
Командалар кедергілері бар жүз метрлік жолақтан өтуден жарысты, онда біздің спортшылар үшінші орынға шықты, оқу мұнарасының 4-қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілді, онда біздің спортшылар бірінші болды. Екі жарыстың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан командасы Нұр-сұлтан қаласының командасымен бірінші орынды бөлісті, ұпай саны бірдей болды. Алайда, жауынгерлік қанат жаюда бірнеше секунд жетпеді және қорытынды бойынша – ШҚО ТЖД спортшыларында жалпыкомандалық екінші орын.