ШҚО ТЖД құтқарушылары жағажайларда кезекшілік жасайтын жасақшы-құтқарушыларды оқытуда

ШҚО ТЖД құтқарушылары жағажайларда кезекшілік жасайтын жасақшы-құтқарушыларды оқытуда

ШҚО ТЖД Жедел құтқару жасағының кәсіби құтқарушыларымен жасақшы-құтқарушыларды оқыту басталды. Азаматтардың суайдындардағы қауіпсіздігіне басымдық берілгендіктен, бағдарлама үйренуішлердің суға батушыға алғашқы жәрдем көрсету қағидаларын, суда зардап шеккендегі іс-әрекет дағдыларын және құтқару құралдарын пайдалану, қайықпен су бетін бақылау техникаларын игеруге құрылған. Жасақшыларды оқытуда Қазақстан Республикасы Қызыл ай ШҚ филиалының мамандары да белсене қатысуда.

         Бүгінгі күні 30 қоғамдық құтқарушы оқытылса, әлі де осынша оқыту жоспарда бар.

         Оқыту үрдісі аяқталғанда арнайы куәлік тапсырылады.

         Құтқарушылар балалар қауіпсіздігі мәселесіне де тыңғылықты қатынаста. Қосымша негізде балалармен алдын алу жұмыстары да жүргізілуде. Өңірде 394 бала құтқару бөлімшелеріне келіп, қауіпсіздік негіздерінен сабақ алды.  Бұл жұмыс жазда да жалғасын табады. Құтқарушылармен бірге балалар суда болатын оқиғаларға талдау жасап, бұндай жағдайлардың орын алмауы үшін не істеу керектігін үйренеді.

 «Осындай сабақтарда алған білім мен дағдылар, балаларға қысылтаяң жағдайларда көмектеседі және сасқалақтаудан сақтайды, - дейді ШҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Айдос Нүсіпбаев.