
Алакөл көлінің түбін тексеру үшін ШҚО ТЖД құтқарушыларына үш күн қажет. Қауіпсіздік мақсатында сүңгуірлер 207 демалыс базаларын, оның ішінде "Үржарайым" балалар сауықтыру лагерінің жағажайын қамтитын 4,1 шақырым бойы жағалаудың түбін тазартуды бастады.
"Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мұндай іс - шаралар шомылу маусымы басталар алдында өте маңызды", - деп түсіндірді ШҚО ТЖД.
Сүңгу кезінде құтқарушылар шомылушыларға қауіп төндіретін заттарды жиі тауып жатады: шыны бөтелкелер, металл сырықтар, арматура, теңіз қоқыстары. Жұмыстың бірінші күнінде барлығы 90 килограмм темір, 2 балық аулау торы мен 10 шыны бөтелке алынды, сүңгуірлер жүріп өткен қашықтық 1,5 километрді құрады.
Құтқарушылар түбін сүңгуірлік тексеру тиісті актімен ресімделетінін атап өтті.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі