
Құтқарушылар жыл басынан бері көмекке келіп, авариялық-құтқару операцияларын жүргізу кезінде 239 есікті ашты. Көптеген жағдайлар балалардың қараусыз жалғыз қалуымен байланысты. Тек мамыр айында ғана 8 жағдайда ШҚО ТЖД қызметкерлері Өскемен қаласында, Зайсан ауданында және Риддер қаласында балаларға көмекке келді.
"Балалар есіктен тыс қалған жағдайлар біздің тәжірибемізде жеткілікті. ТЖД бөлімшелері адам өміріне қауіп төнген және әр минут санаулы төтенше жағдай кезінде ғана есіктерді ашуды жүзеге асырады. Өмірге қауіп төнген жағдай деп кішкентай бала электр жабдықтары, газ қондырғысы, жылыту құрылғысы қосулы қалған үйде жалғыз қалуы мүмкін оқиғаларды айтады– бұл өрттің немесе жазатайым оқиғаның себебіне айналуы мүмкін", - деп атап өтті ШҚО ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ бастығы Айдос Нүсіпбаев.
Шығыс Қазақстан облысы ТЖД бөлімшелері тұрғын үйге қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды апта сайын жүргізеді.
Абырой болғанда, барлық құтқару жұмыстары сәтті аяқталады.
ШҚО ТЖД құтқарушылары қауіпсіздік мақсатында мынаны ескертеді: егер сіз пәтерден шыққыңыз келсе, есік жабылып қалмас үшін барлық шараларды қолдану қажет.
Есіктің ішінен ашуға болатын кез-келген ысырмалар мен ілмектерді алып тастаған жөн. Бұл механизмдер сіздің, ал қажет болса жедел қызметтердің пәтерге кіруiн қиындатуы мүмкін.
Кішкентай балалары барларға тек кілтпен жабылатын құлыптарды орнату ұсынылады. Сондай-ақ, есіктер күтімді қажет ететінін ұмытпаңыз. Ілмектер мен құлыптарды мезгіл-мезгіл тазалап, майлау керек, ал шамалы ақаулық, құлып кептеліп қалған немесе есіктерді ашу-жабу процесінде қиындықтар туындаған жағдайда дереу ақауды түзететін шеберді шақырыңыз.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.