Өрт кезінде Семей қаласының өрт сөндірушілері 3 газ баллонын шығарды

Өрт кезінде Семей қаласының өрт сөндірушілері 3 газ баллонын шығарды

Семей қаласында Академик Павлов көшесінде өрт шықты. Құтқарушылар оқиға орнына келгенде 1940 жылы салынған 3 пәтерлі тұрғын үйдің шатырының ағаш конструкциялары өртеніп жатқан. Екі пәтерде қабырғалардың, төбелердің, есік және терезе блоктарының ағаш конструкциялары, тұрмыстық техника, жеке заттар өртенді. Барлау жүргізу кезінде құтқарушылар оттан 3 газ баллонын шығарды. Өрт сөндіру бөлімшелерімен 180 ш.м. алаңда өрт толығымен жойылды, ШҚО ТЖД жеке құрамынан 13 адам және 3 бірлік техникасы жұмылдырылды. Өрттің алдын ала себебі - отты абайсыз қолдану. 
         ШҚО ТЖД отты абайсыз пайдалану қайғылы жағдайлар мен жазатайым оқиғалардың орын алу себебі болып табылатынын ескертеді. Отқа немқұрайлы қарамаңыз.  Үйдегі өрттің шығуына әкелуі мүмкін бұзушылықтарды жойыңыз.
 ШҚО ТЖД еске салады, өрттің алғашқы белгілерін байқағаннан кейін:
- "101"телефоны бойынша өрт сөндірушілерді шұғыл шақырыңыз;
- тыныс алу жүйесін дымқыл таңғышпен қорғаңыз;
- өртті өз бетіңізше сөндіруге тырысыңыз;
- егер өртті сөндіре алмасаңыз бөлмеден тез шығыңыз;
- өрт туралы көршілерге хабарлаңыз.