Құтқарушылар көмекке келді

Құтқарушылар көмекке келді

22 мамыр күні сағат 23: 30-да Семей қаласының 35-квартал көшесінде ауа райының қолайсыздығы мен қатты желдің салдарынан ағаш екі жеңіл көлікке құлады. Құтқарушылардың көмегі қажет болды. Оқиға орнына жедел түрде  ЖҚҚ ММ  7-ӨСБ қызметкерлері келді, олар шынжырдың көмегімен ағашты кесіп, көліктерден алып тастады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Кеше ШҚО ТЖД дауылды ескерту жариялап, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды, автокөліктерді ағаштар мен құрылыстарға жақын қоймау қажеттілігі туралы ескерткен болатын.