ШҚО ТЖД құтқарушылары өңірде тыйым салынған шомылу орындарының тізімін белгіледі

ШҚО ТЖД құтқарушылары өңірде тыйым салынған шомылу орындарының тізімін белгіледі

 

  Шмидт көшесі бойындағы тоғыз қабатты үйден өрт шықты. Оқиға болған жерге шұғыл түрде келіп жеткен құтқарушылар ең бірінші 4 тұрғынды,  оның ішінде 3 баланы қауіпсіз жерге көшірді. Оларды қою түтінге оранған подьезден алып шыққан, ал, 55 тұрғын пәтерлерінен өздігінен шықты. Азаматтар "Вахта" автокөлігіне орналастырылды.
Өрт сөндірушілер 30 шаршы метр аумақты шарпыған өртті ауыздақтады. Анықталғандай, өрт жетінші қабатта орналасқан пәтерлердің біріндегі жиһаздар мен жеке заттардың жануынан шыққан. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ.
ШҚО ТЖД мамандарының пайымдауынша өрт шығуының себебі электр құралдарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылықтары.
ШҚО ТЖД ескертеді: өрт шыққан жағдайда дереу "101" номеріне хабарласу керек. Тыныс алу органдарын дымқыл матамен бүркеп, түтінделген аумақтан шығу керек.
Өрттің алдын алу үшін: ашық отқа абай болу керек және тұрғын үй-жайларда шылым шегуге болмайды.