
Облыста халық тығыз орналасқан пункттерде немесе оларға тікелей жақын орналасқан 2 мыңнан астам су қоймасы бар. Адамдардың дәстүрлі түрде қалыптасқан жаппай шомылу орындары жылдан жылға шомылуға дайын емес болып қалуда, бұл суда жазатайым оқиғалардың туындауының негізгі себебі болып табылады. Қауіпсіздік ережелері бойынша, белгіленбеген жерлерде шомылу кезінде, сондай-ақ жүзе алмау және өз күштерін асыра бағалау салдарынан облыста өткен шомылу маусымында 35 адам, оның ішінде 10 бала суға батып кетті.
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес облыс бойынша су объектілерінде 116 орын және шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын 31 орын анықталды.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес облыс бойынша 16 жаппай демалыс учаскелері анықталды, оларда тек 1 муниципалдық (Ұлан ауданы) және 5 коммуналдық жағажай-Өскемен қаласы - 2, Үржар ауданы-1, Алтай ауданы – 2 бар.
1 маусым – шомылу маусымы басталуының ресми күні қарсаңында құтқарушылар жыл сайын жағажайларға тексеру жүргізеді. Бұл жағажай иелеріне кемшіліктерді көрсету және оларды маусым басталғанға дейін жою үшін алдын-ала жасалады.
Ағымдағы жылы Өскемен қаласында "Самал" және "Көгілдір көлдер" екі жағажайының жұмысы жоспарлануда. "Суға шомылу орны қауіпсіздік нормаларына сай болуы үшін құтқару бекеттері, балалар шомылатын орындары, су айдынының түбін сүңгуірлік тексеру актісінің болуы және басқа да іс - шаралар жасақталуы тиіс, біз барлық талаптардың орындалуына қол жеткізгенге дейін жағажайлардың дайын екендігі туралы айта алмаймыз",-деді Өскемен қаласы ТЖ басқармасының аға офицері Валентин Литвиненко.
Сонымен қатар, облыс құтқарушылары судағы қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында жаппай шомылу орындарының бойындағы қайықтарда патрульдеуде. Барлығы 1503 рейд және патрульдеу ұйымдастырылды, 11274 азаматпен әңгіме жүргізілді.
ШҚО ТЖД құтқарушылары азаматтардан тәуекелге бармауды және тек рұқсат етілген жағажайларға баруды сұрайды. Ата-аналар балаларға қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, су қоймаларының жанында жалғыз қалмауы керек