
Балалар қауіпсіздігі-бала тәрбиесінің маңызды бөлігі. Демалыстарды оқиғасыз өткізу үшін ШҚО құтқарушылары балаларды төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелеріне дайындайды және үйретеді.
Сабақтар іс жүзінде өткізілген кезде ең үлкен нәтиже береді. Мәселен, "Балалар жылын жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 780 Жарлығы шеңберінде Өскеменде қала мектептерінің "жас құтқарушылар" жасақтары мүшелері арасында жарыс өтті. Оған 150-ден астам бала қатысты. Шараны қалалық ТЖ басқармасының және ШҚО білім басқармасының қызметкерлері ұйымдастырды.
Жарысқа қатысушыларға шартты өрт сөндіру арұылы кедергілер жолағынан өту, алғашқы медициналық көмекті сауатты көрсету, қауіпсіздік плакатын әзірлеу және қолдан бұйымдар жасау қажет болды.
№ 4 орта мектебінің оқушылары барлық кедергілерден жақсы өтті. Ал алғашқы көмек көрсету бойынша үздік білімді № 42 мектептің оқушылары көрсетті. Құзыретті қазылар алқасының пікірінше, ең ерекше қолөнер № 35 мектепте болды. Ал Визит карточкасы, онда балалар әзілмен № 29 мектеп жанындағы өрт сөндірушілердің жұмысын көрсетуге тырысты.
Қиын кезеңдерден өткеннен кейін қорытынды шығарылып, жеңімпаз командалар марапатталды. Жалпы командалық есепте бірінші орынды №20 мектептің құрама командасы, екінші орынды № 3 мектептің командасы, үшінші орынды № 22 мектептің командасы иеленді.
Жеңімпаздар грамоталармен және кубоктармен марапатталды.
"Мұндай іс-шаралар балаларға ТЖ кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін оңай меңгеруге, күтпеген жерден орын алуы мүмкін жағдайда не істеу керек, дәрігерлер келгенге дейін көмек көрсетуге және ең бастысы өз өмірін қорғауды қамтамасыз етуге көмектеседі. Құтқарушылардың оқытуға деген мұндай тәсілдері әрдайым нәтиже береді",-деп атап өтті Өскемен қаласы ТЖ басқармасының аға офицері Валентин Литвиненко.