Глубокое ауданында балалардың терезеден құлауының алдын алу бойынша рейд жүргізілуде

Глубокое ауданында балалардың терезеден құлауының алдын алу бойынша рейд жүргізілуде

Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Глубокое ауданының ПБ полицейлерімен бірлесіп, азаматтарға жас балалардың терезеден құлауының алдын алуға мүмкіндік беретін шаралар туралы еске салды. Тұрғындармен бірлескен рейд барысында профилактикалық әңгімелесулер жүргізіліп, жадынамалар таратылды.
ТЖ және полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы және олардың ата-аналарының қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамауы кәмелетке толмағандардың көп қабатты үйлердің терезелерінен құлауының негізгі себептері болып табылатынын атап өтті.
Сондай-ақ, азаматтарға москит торлары баланың салмағына төтеп бере алмайтындықтан   балаларды құлаудан қорғай алмайтындығын еске салды.

Осыған байланысты Глубокое ауданының ТЖБ барлық ата-аналарды қырағы болуға және кішкентай балаларды терезелері ашық бөлмеде жалғыз қалдырмауға шақырады және мына ережелерді естеріңізге салады:

- егер терезе 12,5 см-ден артық ашық болса балалар терезеден құлап кетуі мүмкін;

- терезенің кең ашылуына мүмкіндік бермейтін терезе құлыптарын орнатыңыз;

- балаларды терезелерден ары ойнауға үйрету керек;

- балалар әрқашан бақылауда болуы керек;

- терезе торларларына сенім артпаңыз, олар баланың салмағына есептелмеген!

- терезе жанына бала шыға алатындай жиһаз қоймаңыз. Жоғарыда аталған ұсыныстарға сүйене отырып, сіз апаттың алдын алып, үлкен қайғыдан аулақ бола аласыз! Құтқару қызметінің телефоны-112.