
Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында селдер мен көшкіндердің пайда болу қаупі бар. Ауа-райы жағдайларын және облыстың географиялық орналасуын ескере отырып, сел және көшкін қаупі бар кезең мамыр айының ортасынан басталып, 15 қыркүйекке дейін созылады.
Облыста сел қаупін 146 мұздақ көл туғызуда, оның 98- Катонқарағай ауданында, 16 – Зайсан қаласында, 2 - Үржарда және 30 - Риддер қаласында және олар 13 елді мекенге қауіп төндіретін селдің пайда болуының 23 ошағын құрайды – Зайсан қ., Сартерек а., Катонқарағай а., Аршаты а., Өрел а., Берел а., Кутиха а., Қазымбет а., Науалы а., Қаратұба а., Қызыл-Кесік а., Тұғыл А. және Маңырақ а.
Облыстың 4 ауданында орналасқан 9 өзен бассейні көшкін қаупін тудырады. Бұл ретте барлық 9 ошақ елді мекендерге қауіп төндірмейді. 1 өндірістік объект пен автомобиль жолдарының мына 5 учаскесі: Риддер қаласында-1, Алтай ауданында-2, Катонқарағай ауданында-3 және Өскемен-Алтай темір жолының 1 учаскесі үшін қауіп бар.
«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының деректері бойынша сел белгілері
мол жауған және ұзаққа созылған жауын-шашыннан кейін және қатты жер сілкінісі кезінде пайда болуы мүмкін.
Алайда қауіп бар, сондықтан 15 мамырдан бастап 13 бақылау бекеті жұмыс істей бастады. «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының қызметкерлері он күн сайын бүкіл кезең бойы 9 көшкін және 23 сел қаупі бар учаскелерге тексеру жүргізетін болады.
Сондай-ақ мұздақ және карлық көлдердің жай-күйін Громотуха, Бұқтырма, Белая Уба, Тұрғысын өзендері бассейндерінің сел қаупі бар учаскелеріне әуеден шолып тексеру жүргізе отырып, ауадан бақылайды. Көлдердің еруі маусымның аяғында-шілде айының басында болады, дәл осы уақытта рейстер жасалады.
Сел қаупі бар учаскелерде 46 «Абайлаңыз, сел қаупі бар учаскі » деген ескерту қалқаны және «Абайлаңыз, көшкін жүру қаупі бар учаскі» деген 18 ескерту қалқаны орнатылды.
«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының қызметкерлері жыл сайын қауіпті маусым басталар алдында аулаларды аралап, сел мен көшкін қаупі бар елді мекендерде тұратын халықпен әңгімелеседі. Мінез-құлық ережелері туралы еске салатын жадынамалар қалдырады.
Қазіргі уақытта облыс аумағындағы сел және көшкін жағдайы тұрақты, барлық сел қаупі бар учаскелер ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ филиалы қызметкерлерінің бақылауында, ШҚО ТЖ департаментінің күштері мен құралдары тұрақты дайындықта.