
ШҚО ТЖД оркестрі "Қамқор" әлеуметтік орталығында тұратын және қызмет алатын ҰОС тыл еңбеккерлерін Жеңіс Күнімен құттықтауға келіп, музыкалық концерт ұйымдастырды. Құтқарушылар қарттардың рухын көтеріп, қуаныш сыйлауға дайын.
Концерттің көрермендері риза болып, алғыстарын айтты. Қуаныш пен естеліктердің көз жасы да болды. Концертті өңірде тұратын басқа да ардагерлер мен тыл еңбеккерлері онлайн режимде тамашалай алды.