Адамдарды қорғауда-біздің күшіміз

Адамдарды қорғауда-біздің күшіміз

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні аясында салтанатты жиын өтті. ШҚО ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Дмитрий Титов Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің атынан қатысқан жеке құрамды құттықтады. Ол Шығыс Қазақстанның қауіпсіздік күзетінде екі мыңнан астам адам қызмет атқаратынын атап өтті. 2022 жылдың басынан бастап ШҚО ТЖД бөлімшелері авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарға 2531 шығуды жүзеге асырды, олардың барысында 177 адам құтқарылды, 360 адам эвакуацияланды, 88 зардап шегушіге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетілді.

"Әзірге мұндай қызмет бар- тұрғындарға кез-келген төтенше жағдайда көмек келіп, құтқарылады. Әріптестер! Сіз өз өміріңізді игі іске арнадыңыз. Қиын жұмыста табыс, бейбітшілік, сіздерге және отбасыларыңызға амандық тілейміз!",- деп түсіндірді Дмитрий Титов.

Бұл күні қызметте ерекше көзге түскен қызметкерлер ведомстволық  медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Жеңіс күні қарсаңында ШҚО ТЖД басшылығы Ардагерлер Кеңесімен бірге әр тыл еңбеккерін аралап, осы жарқын мерекемен құттықтады. "Біз батырларымызға қамқорлық танытып, көңіл бөлгіміз келеді, олардың ерлігі үшін алғысымызды білдіреміз, біз оларды бағалаймыз, олардың ерліктерін мақтан тұтамыз және олардың біз үшін не істегендерін ешқашан ұмытпаймыз", – деді Александр Кодубенко, ШҚО ТЖД ардагерлер кеңесінің төрағасы.

         Іс-шара ШҚО ТЖД үрмелі оркестрінің музыкалық концертімен және патриоттық бейнероликтермен жалғасты.

         Салтанатты іс-шара соңында ардагерлер кеңесі, қызмет зейнеткерлері және Департаменттің қызметкерлері Жеңіс мемориалына гүл шоқтарын қойды.