
ШҚО ТЖД қызметкерлері мен «№29 қосымша білім беру мектеп-ортағының» «Жас құтқарушылары» келе жатқан Жеңіс Күні аясында ерекше құттықтау дайындады – олар Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккері Зоя Александровна Ларионованың үйіне келіп сенбілік ұйымдастырды. Зоя Александровна белсенділерге үй маңындағы тазалауды қажет ететін жұмыс учаскесін көрсетті. Орақ, сыпыртқы және тырмауыштармен жарақтанған көмекшілер жапырақтар мен құрғақ шөптерді жинап, ағаштар мен бұталарды кесіп, үйді тазалап, бақшадағы топырақты қопсытып берді. ШҚО ТЖД құтқарушылары тыл еңбеккерінің үйіне қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында улы газды анықтайтын хабарлағышты орнатып берді.
Құтқарушылар мен балалардың бірлескен жемісті еңбегінің нәтижесінде берілген тапсырма орындалды.
Ұйымдастырылған сенбіліктен кейін құтқарушылар Зоя Александровнаға Жеңіс мерекесін соғыс жылдарының шындығына жақындату үшін дала асханасында дайындалған жауынгерлердің ботқасын жасап берді.
Зоя Александровна Ларионова соғыстың ауыр жылдарын көзіне жас алмай еске ала алмайды. Ол Өскемен қаласының маңындағы тқрған еді. Соғыс басталысымен бір-ақ күнде балалық шағы аяқталды. Әкесі майданға аттанған соң ол анасымен және екі үлкен әпкесімен бірге колхозда жұмыс істей бастады. Ол кезде жасы небәрі 9-да болатын. Майдан үшін талмай жұмыс істеді, далада өсіргеннің бәрін жинады. Өздері кедейшілікте, суықта және аштықта, қосалқы шаруашылықта тұрды. Жүрегін ауыртатын, ең есте қалған соғыс туралы ауыр естелік - анасының сырқаттанып ауруханаға түскені еді, үйде төрт қыз жалғыз қалды. Тамақ жоқ, сонымен қатар сиырды аш қалдырмау керек болатын. Үлкен әпкелері Зояны түнде шөп алып келу үшін колхозға жібереді, егерде ұстап алса, оның жасы кішкентай болғандықтан, ұрлық үшін отырғызбайды деп үміттенетін. Бала қорықса да, баратын. Зоя Александровна: - «бір рет шөп жинап, үйге бара жатып, күзетші мені тоқтатты. Осы сәтте қаншалықты қорыққанымды білемін, алайда ер адам оны ұстап бермек түгілі, керісінше көмектесіп, мені таң қалдырды» - деді. Осы уақытқа дейін ол бұл адамға риза. Соғыс аяқталған соң Зоя Ларионова колхоздан Өскемен механизация мектебінің тракторшылар курсына жіберіледі. Жігіттермен қатар 4 қыз трактор жүргізушілерінің куәлігін алды. Олардың екеуі колхозға оралып, тракторға отырды, ал Зоя Александровна Өскеменде қалды. Әр түрлі салады – қара жұмысты да, суретші, хатшы және кассир болып жұмыс істеді. Соңғы жұмыс орны - өрт сөндіру бөлімі, мұнда 29 жұмыс жылы өтті. Зоя Александровна жұмыс істеген жылдарын еске ала отырып, өрт сөндіру бөлімі нашар болғанын, жалақы аз болғандықтан, ұжым жиі өзгеретінін айтты. Өзінің негізгі жұмысы диспетчерден бөлек кассир да болды, кәсіподақ істерін, әйелдер кеңесін жүргізді. «Мен ШҚО ТЖД-ға өте ризамын, олар мені ұмытпайды және туған бөліміме жиі шақырып тұрады. Әрине, мұнда бәрі өзгеріп, жаңарғанына қуаныштымын. Жаңа заманауи жабдықтар мен құралдарды көру маған өте қуанышыты, ал балаларға осындай жағдайда жұмыс істеу өте қолайлы», - деп бөлісті Зоя Александровна.
«Бұл іс - шаралар жасөспірімдерді патриотизмге, әлеуметтік жауапкершілікке, қарт адамдарға қамқорлық сезімін тәрбиелейді», - деп атап өтті ШҚО ТЖД қызметкерлері.
Бақытымызға орай, бүгінде бізге осындай бейбіт өмір сыйлауға ықпал еткен алапат соғыстың куәгері болған адамдарға «Рахмет» айтуға әлі де мүмкіндік бар.
«Мұндай адамдарға атаулы күндерде ғана емес, үнемі көмектесу керек деп санаймыз», - деп атап өтті «№29 ҚББМО» оқушысы Даниил Пищальников.