
Өткен кезеңде 2022 жылдың 26 сәуірінен 03 мамырына дейін Глубокое ауданының аумағында 67 өрт, жанулар және түрлі авариялық-құтқару жұмыстары орын алды, оның ішінде: қоқыстың жануы - 43, саяжайлардағы өрт -5, тұрғын үйлердегі өрт-8, қоқыстың жануы - 9, АҚЖ-2. Статистика көрсеткендей, бұл тізімде - шөптің жануы жетекші орын алады, ол басқа да үлкен ТЖ мен оқиғалардың себебіне айналуы мүмкін. Шөптің өртенуі, әсіресе желді күндерде жылдам тарайды.
Кейде шөпті балалар отпен ойнап өртеп жатса, кейде орнына жаңа шөп тез өседі деген сенімге байланысты да өртеніп жатады. Ол шындыққа сай келмейді: иә, қыздырылған жерде шөп тез өсе бастайды, бірақ содан кейін оның өсуі баяулайды, өйткені топырақтағы өрт оның құнарлылығына қажетті органикалық заттардың бір бөлігін жояды. Құрғақ шөп күйіп кетеді, өсімдіктер топырақтан алған қоректік заттар түтінмен бірге ұшып кетеді. Қалған күлді жаңбыр шайып әкетеді. Өрт топырақтың сапасын нашарлатады- нәзік және қоректік шөптердің орнына қатты және арам шөптер шығады. От жалынында жәндіктер, ұсақ жануарлар, құстар өледі.
Желді ауа-райында өрт елді мекендерге ауысуы мүмкін.. Құрғақ шөпті жағу кезінде бөлінетін улы газ, формальдегид, күйе, циклдік көмірсутектер денсаулыққа зиянды әсер етеді.
Сенбіліктер немесе табиғатта демалу кезінде жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін Глубокое ауданының ТЖ бөлімі келесі ережелерді орындауға кеңес береді:
ешқашан құрғақ шөпті алқаптарда немесе орман алқаптарында өртемеңіз. Егер сіз басқалардың мұны істеп жатқанын көрсеңіз, оларды тоқтатуға тырысыңыз және шөп өртеудің қауіпті екенін түсіндіріңіз;
ешқашан құрғақ орманда от жағуға болмайды. Ең алдымен, оттың минералды топырақта (құм немесе саз) орналасқанына көз жеткізіңіз. От жағар алдында орман қоқысын ошақ айналасынан бір метр радиусқа алып тастаңыз;
кетер алдында отқа жақсылап су құйыңыз. Содан кейін, күлдің өшіп, шоқтың сөнгеніне көз жеткізіңіз, егер олар өшпесе, қайтадан су құйыңыз.
ешқашан сөндірілмеген сіріңке мен темекіні тастамаңыз;
достарыңыз бен таныстарыңызға олардың абайсыздығы өртке себеп болуы мүмкін екенін түсіндіруге тырысыңыз.
Глубокое ауданының ТЖ бөлімі төтенше және қауіпті жағдайларды болдырмас үшін қоқыс пен құрғақ шөпті арнайы жабдықталмаған жерде өртемеуіңізді сұрайды!
Өрт кезінде 101 және 112 нөмірлері бойынша дереу хабарлау қажет.