Жемқорлыққа қауқарлы күрес қажет

Жемқорлыққа қауқарлы күрес қажет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін себептердің бірі сыбайлас жемқорлық проблемаларына саналы азаматтық немқұрайдылық, сондай-ақ күнделікті өмірде билік органдарымен өзара әрекеттесу кезінде азаматтардың құқықтық сауатсыздығы болып табылады.

Осы орайда «Глубокое ауданының ТЖ бөлімі» РММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы  атқарылып жатқан шаралар:

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің ережелерін түсіндіру, РММ қызметкерлерімен алдын алу тәрбие жұмысын жүргізу;

- қызметкерлерді анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар фактілері туралы және осындай бұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы жедел және жан-жақты хабардар етуді ұйымдастыру;

- жеке құрамның кәсібилігін және жалпы мәдениетін арттыруды қамтамасыз ету, қызметтік даярлықты жетілдіру;

- Бөлімдегі моральдық-психологиялық ахуалды бақылау.

Егер Сіз Глубокое ауданының ТЖ бөлімі қызметкерлерінің іс-әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық көріністерін көрген болсаңыз, онда Сізге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірыңғай Call-орталығының 1424 тегін нөмірі бойынша хабарласу қажет.