Семей қаласында өрт кезінде өрт сөндірушілер 34 тұрғынды эвакуациялады

Семей қаласында өрт кезінде өрт сөндірушілер 34 тұрғынды эвакуациялады

Семей қаласында Жамақаев көшесінде 5 қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте 1 ш.м. алаңда 1 және 2-қабат арасындағы саты торының терезе ойығының ағаш конструкциялары өртенді. Азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында құтқарушылар 34 тұрғынды, оның ішінде 7 баланы эвакуациялады. Өрттің алдын ала нұсқасы: отты абайсыз қолдану.
        ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ескертеді:

-электр сымдарының жай-күйін бақылаңыз

- электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіз және қосылған электр аспаптарын қараусыз қалдырмаңыз;

-отпен абайсызда жұмыс істеуге жол бермеңіз

-пәтерде және үйде алғашқы өрт сөндіру құралдары болсын

      Өрт кезінде 101 және 112 нөмірлері бойынша хабарлаңыз.