ұл бала 3-қабаттың балконынан құлап кетті.

ұл бала 3-қабаттың балконынан құлап кетті.

Өскемен қаласында 2  мамыр күні сағат 18.24-те Виноградов көшесі бойынша 2018 жылы туған ұл бала 3-қабаттың балконынан құлап кетті. Пәтерде әкесі болған. Жедел жәрдем дәрігерлері зардап шегушіні АмБО жеткізді. ШҚО ТЖД құтқарушылары ескертеді:
- құлау жағдайларының көпшілігі ата-аналар балаларын қараусыз қалдырған кезде орын алады. Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз.
- бала терезе алды тақтайына шыға алмайтындай етіп жиһаздың барлық түрлерін терезеден алыстатыңыз.
- ешқашан москит торына сенбеңіз! Олар құлаудан қорғауға арналмаған! Керісінше-москит торы қайғылы жағдайдың орын алуына ықпал етеді, өйткені бала өзін қауіпсіз сезінеді және терезеге де, оған да сүйенеді. Көбінесе балалар осы торлармен бірге құлап кетеді.
- мүмкіндігінше, терезелерді төменнен емес, жоғарыдан ашыңыз.
- терезелерге арнайы бекіткіштер орнатыңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі