Құтқарушылар темір ыдысқа кептеліп қалған балаға көмекке келді

Құтқарушылар темір ыдысқа кептеліп қалған балаға көмекке келді

2018 жылы туған балаға  көмек керек екеніндігін әпкесі хабарлаған.  Балалар жеке тұрғын үйде жалғыз қалып далада ойнап жүрген темір ыдысқа кіріп, кептеліп қалған екен. әпкесі көмек сұраған айқайды естіп, бірден 112 қызметіне қоңырау шалған. Оқиға орны Ермак көшесіне ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу келіп жетті. Алдымен олар баланы ақырын тартып шығаруға тырысқан, бірақ аяқтары қысылып қалыпты. Арнайы құралдардың көмегімен мамандар ыдысты кесіп, баланы босатты.  Қазір ол қауіпсіз жерде,  медициналық көмекке мұқтаж емес. "Мұндай құтқару операциялары өте жиі орын алады.Балалар төтенше жағдайларға тап болады, ата - аналар оларды бір минутқа қараусыз қалдырудың қаншалықты қауіпті екенін жете бағаламайды", - деп атап өтті ШҚО ТЖД аға нұсқаушы-құтқарушысы Арнат Қасенов. ШҚО ТЖД ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және  ешбір жағдайда балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.  Төтенше жағдай кезінде құтқару қызметіне 112 телефоны бойынша хабарлаңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі