
Құтқарушылардан Ұлан ауданынан көмек сұрады. Ауыр халдегі және жетуі қиын жерде тұратын әйел адамға білікті медициналық көмек көрсету қажет болды. Оған көлікпен жету мүмкін емес және ұзақ уақыт қажет болатын еді. Құтқарушылар Бұқтырма су қоймасы арқылы қайықпен жетуге шешім қабылдады. Олар суда шамамен 10 шақырымды артқа қалтырып, 1964 жылы туған әйелді тасымалдады. Науқас Алтай ауданына жеткізіліп, жедел жәрдем қызметкерлеріне табысталды.