Құтқарушылар өрттің орман аймағына таралуына жол бермеді

Құтқарушылар өрттің орман аймағына таралуына жол бермеді

    Алтай ауданында Жаңа Бұқтырма кентінде автожол бойында құрғақ шөп өртенген, оны саяжай тұрғындары анықтап өрт сөндіру қызметіне хабарлаған.  Өрт әп-сәтте ақ найзағайдың жылдамдығымен тарала бастады, бұған соққан жел де ықпал етті. Орман аймағына дейін 100 метр ғана қалды. Келген құтқарушылар отпен шайқасқа түсті. Бір сағаттан кейін өрт сөндіру автомобилі құрамындағы құтқарушылар және 13 өрт сөндірушінің, сондай-ақ орман шаруашылығының 4 қызметкерінің, 1 бірлік техниканың және жергілікті тұрғындардан 4 адамның бірлескен күшімен өрт 1 Га алаңда оқшауланды.

       ШҚО ТЖД құтқарушылары азаматтарға өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді:

- Шөпті өртеуге жол бермеу

- Автомобильдерден сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастамау

- Өрт қауіпті кезеңде орман аймағында от жағуға болмайды

- Ашық отпен абай болыңыз.

                  Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336, 367, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгеніне назарларыңызды аударамыз.