
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – адамдардың өмірі мен денсаулығын, меншігін, ұлттық құндылықтар мен табиғи қоршаған ортаны қорғау.Көктем мезгілінде аудан аумағында өрттерге, әсіресе дала өрттеріне байланысты жағдай күрт қиындай түседі. Дала өрттері ауыл шаруашылығы мен қоршаған табиғатымызға үлкен шығын алып келетіні анық. Зайсан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі орман және дала өрттеріне, сондай-ақ, егін және шөп жинау мезгілінде өрт сақтық шараларына аса көңіл бөледі.
Өрттердің шығу себептері: елді мекенде ашық отты дұрыс пайдаланбау, даланың шөптес өсімдіктеріне от қойып қасақана өртеу немесе темекіні қалдығын толық өшірмей тастауы салдарынан болуда.
Орман өртінің көпшілігі орманда демалу және жұмыс кезінде өртке қарсы талаптарды бұзу адамдардың отпен байқаусыз қолданылғанынан шығады.Сондықтан осындай табиғат құбылысында кінәлілерді табу өте қиын.
Демалыс күндері осындай өрттер саны 40% көбейеді, 10-километрлік елді мекен аумақта адам көп жүретін жерлерде 93% дейін жалын болады. Елді мекеннің 20% тұрғыны орманның өмір үшін және де өндірістік қызметке деген дұрыс көзқарасын білмейді.Адамдардың көпшілігі ағаш өртінің болу себебін білмейді және өрт болған жағдайда зияны мен шығыны көп әкелетіндігіне көңіл бөлмейді. Адамдардың 40% орманда болу ережесін және отпен қалай қолдану талаптарын сақтамайды. Егер де сізде орманға бару мүмкіндігі болса сіз өрт қауіпсіздігі ережелерін білуіңіз қажет: сөнбей қалған өртті тастап кетпеңіз, жанып тұрған шылым қалдығын немесе сіріңкені лақтырмаңыз, ағаш түптерінде немесе жас талдардың қасында от жақпаңыз, әйнек немесе тез жанатын заттарды тастамаңыз.
Орман - біздің байлығымыз,әр адамның табиғатты сақтап күтуіне күші жетеді, адамның жақсы қасиеттерін көрсетіп қарым қатынасын табиғатпен нығайту қажет.
Сондықтан, сақтық жасап өз мүліктеріңізді және қоршаған ортаны сақтау үшін қауіпсіздік ережелерін естен шығармаңыздар .