Ата-аналарды еске алу күні өртсіз өтсін!

Ата-аналарды еске алу күні өртсіз өтсін!

Жыл сайын ата-аналарды еске алу күні өткізіліп жатады, 2022 жылы ол 3 мамыр күніне түсіп тұр, ол күні жақын адамдарының жерлеу орындарына бару дәстүрге айналған. Бұл жарқын күндері өрт қаупі де арта түседі. Көбінесе адамдар өрт қауіпсіздігі ережелерін ескерместен, жақындарының учаскелерін ретке келтіреді. Зираттардың жанында шөптер мен қоқыстарды жағу бақылауға болмайтын өртке айналуы және көрші жерлеу орындарының өртенуiне әкеп соғуы мүмкін, сондай-ақ елді мекендер мен орман алқаптарына өрттің таралу қаупін жоққа шығаруға болмайды! Зираттарда - өрт қаупі жоғары заттар өте көп! Құрметті азаматтар, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар:

- жерлеу орындарының аумағында оттың таралуына жол бермеңіз!

- қайтыс болғандардың қабірлеріне ескі пластикалық гүл шоқтарын жинамаңыз;

 - зират учаскелерінен құрғақ өсімдіктерді уақытында алып отырыңыз;

- құрғақ шөптер мен қоқыстардың жанына сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастамаңыз;

- қоқысты тек арнайы орындарға жинаңыз;

- сіріңке мен оттықтарды балаларға қолжетімді жерде қалдырмаңыз.

Кез келген тұтану анықталған жағдайда бұл туралы 101 немесе 112 телефоны бойынша дереу хабарлаңыз