
Жыл басынан бері ШҚО ТЖД қызметкерлері пәтерлер мен үйлердің жабық есіктерінің артында қалған 50-ден астам баланы құтқарды. Құтқару операциялары, әдетте, бір сценарий бойынша жүреді, ата-аналар кілттерді ұмытып кетеді немесе кейде бұл бала үйде жалғыз қалып, күршекке жабылғандықтан болады.
Бүгін Риддер қаласында Клавдия Семенов көшесінде жабық есіктің артында қалған бір жасар баланы құтқарды. 1-МӨСБ қызметкерлері шақыруға жедел келіп, баспалдақтың көмегімен пәтердің балконына кіріп, есікті ішінен ашты. Бала зардап шеккен жоқ. Белгілі болғандай, баланың анасы домофон батырмасы жұмыс істемегендіктен, бірінші қабатқа түсіп кетті, сол уақытта есік жабылып қалды. Анасык көмектесуге тырысты, бірақ пәтер 4 қабатта болғандықтан, өздігінен аша алмағандықтан, құтқарушыларға жүгінді.
ШҚО ТЖД қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салады. Ата-аналар ешқандай жағдайда балаларды қараусыз қалдырмауы керек.
"Кішкентай балалар тұратын жерде күршекке жабылып қалатын есікті орнатпаған дұрыс", - деп кеңес береді ШҚО ТЖД" ӨСжАҚЖҚ " ММ бастығы Айдос Нүсіпбаев.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарласуға болады.