
Ұлан ауданының Айыртау, Алмасай, Тарғын, Багратион, Аблакет ауылдық округтерінде төтенше жағдайларға жылдам және жедел ден қоюды қамтамасыз ету мақсатында өрт сөндіру бекеттері құрылды. Олар техникамен, өрт киім-кешегімен және арнайы жабдықтармен жабдықталған. Штатта жүргізуші мен өрт сөндіруші бар. Олар арнайы бағдарлама бойынша "АСС Қорған" ЖШС-ң оқытушылар құрамының қатысуымен теориялық оқытудан және практикалық дайындықтан өтті. Кәсіби өрт сөндіру дағдылары және өрт автомобилінің өрт сорғысымен жұмыс істеу ерекшеліктері зерттелді. Өңірде өрт қауіпті кезең басталғаннан бері 11 дала құрғақ шөптерің жануы тіркелді, өрт сөндіру бекетінің қызметкерлеріне енді ғана басталып жатқан өрттерге жедел ден қоюға және олардың таралуына жол бермеуге болады.Жаңа бекеттер жалпы халық саны 25000 адамнан асатын ауылдық округтерді, сондай-ақ оларға іргелес орманды дала массивтерін өртке қарсы қорғаумен қамтамасыз етеді. Бекеттер жедел көмек қажет ететін өрттерге, төтенше жағдайларға шығатын болады.