
Семей қаласынан 41 шақырым қашықтықта орналасқан Иран аралының маңында Ертіс өзенінде су көтеріліп, 9 бұзау бірнеше күн аралда қалып қойған. Малшы жануарларға өз бетінше көмектесуге тырысқанмен, сәтсіз болды. Кейін құтқарушыларға жүгінді. Жағадан 200 метр қашықтықта орналасқан жерге жеткен ТЖ қызметінің қызметкерлері бұзауларды қауіпсіз жерге жеткізді. Қазір жануарларға ештқандай қауіп төніп тұрған жоқ, олар толықтай қауіпсіз орында.
ШҚО ТЖД қызметкерлері жануарларға көмекке жиі келеді. Осы жылдың басынан бастап 3 жағдайда ШҚО ТЖД қызметкерлері қажетті уақытта жануарларға көмекке келді.
Төтенше жағдайлар кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.