
Өрттің бесеуінің себебі халықтың отты абайсыз қолдануы болды.
Күршім ауылы Абылайхан көшесі бойынша жеке тұрғын үйдің ауласында 50 шаршы метр алаңда шаруашылық құрылыстарының ағаш конструкциялары өртенді, сондай-ақ 100 шаршы метр алаңда 7 текше метр отын, қоқыс, көң өртенді. Өрттің шығу себебі отты абайсыз пайдалану. Кінәлі және залал анықталуда.
Семей қаласында Баздырев көшесі бойынша жеке тұрғын емес үйде шатыр мен төбе жабынының ағаш конструкциялары, терезе, есік блогы өртенді. Өрт сөдірушілер 40 шаршы метр алаңда өртті сөндірді. Өрттің шығу себебі отты абайсыз пайдалану.
Көкпекті ауданында жеке тұрғын үйдің ауласында шаруашылық құрылыстарының ағаш конструкциялары, 80 ш.м. алаңдағы гараж өртенді. Гараж ішінде тұрған 1976 жылы шығарылған, "ВАЗ2101" автомобилі отпен зақымданды. Қатты түтіндеу нәтижесінде 11 бас қой, 9 қозы өлді. Сондай-ақ, жалпы ауданы 40 ш.м. көрші шаруашылық құрылыстарының ағаш конструкциялары өртенді, келген құтқарушылар өртті жойды. Өрттің шығу себебі - электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау. Сондай-ақ, 19 сәуірде Көкпекті ауылында Береговая көшесінде жеке тұрғын үйде 100 шаршы метр алаңда шатырдың ағаш құрылымдары өртенді. Өрттің шығу себебі - электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.
Көкпекті ауданының Аққала ауылында аула аумағында 0,5 тонна шөп (2 орама шөп) жағылды. Өрттің шығу себебі - отты абайсыз пайдалану.
Тарбағатай ауданы Қарасу ауылы Өтеген көшесінің бойында жеке тұрғын үй аумағында шаруашылық құрылыстарының ағаш конструкциялары, "Ваз 2107" және "Фольцваген Пассат"автомобильдерінің бөлшектері жанып кетті. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 100 шаршы метр өртті сөндірді.
Бородулиха ауылында Қазақстан көшесі бойынша жеке тұрғын үйдің ауласында 12 ш.м. алаңда шаруашылық құрылыстарының ағаш конструкциялары өртенді.
Семей қаласында Аягөз көшесі бойынша жеке тұрғын үйдің ауласында шаруашылық құрылыстар блогының ағаш конструкциялары, гараж шатырының, төбе жабынының ағаш конструкциялары, 1993 жылы шыққан "Форд Мондео" автомобилінің жанғыш бөлшектері өртенді. Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жалпы ауданы 120 ш.м. өртті, сондай-ақ ұзындығы 5 м. жанып жатқан ағаш қоршау, ауданы 6 ш. м. жазғы ас үйдің көршілес шатырының ағаш конструкцияларын, 5 метрлі қоршауды сөндірді. Өрттің шығу себебі болжаммен: 1)отты абайсыз қолдану.
Сонымен қатар, бір тәулік ішінде облыста 34 шөптің жануы орын алды.
ШҚО ТЖД тұрғындарға отты абайсыз қолдану өрттердің пайда болуының ең көп таралған себептерінің бірі болып табылатынын еске салады. Егер сіз өрттен өз өміріңізді, сізге жақын адамдардың өмірін, мүліктеріңізді сақтағыңыз келсе, онда өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауыңыз қажет.
- Отты қолданған кезде абай болыңыз
- Тұрғын үй-жайларда темекі шекпеңіз
- Тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға жол бермеңіз, алғашқы өрт сөндіру құралдары болу қажет
- Шөпті жақпаңыз
Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 336-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, атап айтқанда 20 АЕК мөлшерінде және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 410-бабы бойынша айыппұл қарастырылған. Бұдан басқа, ҚР Қылмыстық Кодексінің 204-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қолданылады.
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.