ӨРТ БӘРІН ЖОЯДЫ! ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ БІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДА!

ӨРТ БӘРІН ЖОЯДЫ! ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ БІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДА!

Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері Көкпекті ауданында 4 өрт және дала алқаптарының 12 жануы тіркелді, өрттің жалпы ауданы 200 гектардан асты. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жану саны (бір аптадағы талдауға сәйкес) өткен жылмен салыстырғанда 53% - ға өсті, оның ішінде халықтың отты абайсыз пайдалану жағдайларының 90% - ы.

Аудан аумағында температураның жоғарылауымен өрт қауіпті кезең  ағымдағы жылыдың  7 сәуірінде бастау алды. Осы уақытта ауылдық елді мекендерде құрғақ шөптің, қоқыстың жануына байланысты өрттердің саны, күрт артып келеді. Өрттердің басым бөлігі отты абайсыз қолдану салдарынан болады.

Бұның барлығы бау-бақша учаскелерін жинаумен (қоқыс пен шөпті жағу) және халықтың табиғатқа жаппай шығуымен (алау жағу, темекі шегу кезіндегі абайсыздық және т.б.) байланысты.

Статистикаға сәйкес, сәуір айының ортасында құрғақ өсімдіктер мен қоқыстардың жағылуына байланысты өрттің күрт өсуі байқалды. Жеке тұрғын үйлердің, бау-бақша үйлерінің аумағындағы құрғақ шөптерді, қоқыстарды өртеу кезінде халықтың  отты абайсыз пайдалану салдарынан, ал бұл  көбінесе апатқа айналады. Қоқысты бақылаусыз жағудан шаруашылық құрылыстары мен тұрғын үйлердің жануы орын алып жатыр.

Есіңізде болсын, өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес елді мекендердің аумағында және жанында қоқыс пен құрғақ шөпті, сондай-ақ егіс алқаптарында орылған шөпті жағуға тыйым салынады. Тұрғын үйлердің аумағын қоқыстан тазартқаннан кейін қоқысты ТҚТ полигонына (қоқыс төгетін орынға) уақытында шығару қажет.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336-бабына сәйкес «қалдықтарды жинау немесе жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаны үшін» айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылады:

 

20 АЕК (61260 тг) – Жеке тұлғаларға;

 

50 АЕК (153150 тг) – лауазымды тұлғалар;

 

200 АЕК (612600 тг) – шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар;

 

300 АЕК (918900 тг) – орта кәсіпкерлік субъектілері;

 

500 АЕК (1531500 тг) – ірі кәсіпкерлік субъектілері;

Көкпекті ауданының ТЖБ өрт қауіпті кезеңде тұрғын үйлерде, саяжайларда өрттің алдын алу үшін орындалуы қажет өрт қауіпсіздігі шаралары туралы еске салады

- тұрғын үйіңізді, бақша учаскеңізді және оған іргелес аумақты қоқыс пен құрғақ шөптен уақтылы тазалаңыз;

- учаскеде қоқысты жағуға болмайды. Тұрғын үйлерде қандай да бір жолмен қолдануға болмайтын қоқысты контейнерге жинап, арнайы жабдықталған қоқыс алаңына апару керек.

- ғимараттар мен құрылыстар арасындағы өртке қарсы қашықтықта материалдарды, жабдықтарды жинауға жол бермеңіз;

- елді мекендер мен саяжай учаскелерінің аумақтарында жанғыш қалдықтар үйінділерін орнатпаңыз;

- саяжай және тұрғын үйлерге жолдарды, өтпе жолдарды және кіреберістерді жабуға жол бермеңіз, себебі өрт шыққан жағдайда-бұл өрт сөндіру автомобильдерінің өтуіне кедергі келтіреді;

- балаларды қараусыз қалдырмаңыз, оларға отпен ойнауға рұқсат бермеңіз

Үйлерде өрттердің алдын алу мақсатында тұрғын үйлердің жанындағы қураған ағаштарды жинау, электр сымдарын, қорғау автоматтарын, газ қондырғыларын тексеру, әрбір үйдің жанына су құйылған ыдыс, өртке қарсы (шелектер, күректер, жолжүк, баспалдақ) орнату қажет және өрт сөндіргіш сатып алған жөн.

Егер сіз тұтануды байқасаңыз-дереу «101» немесе «112» телефоны бойынша (ұялы телефоннан) өрт қызметін шақырыңыз, содан кейін шекті сақтықты сақтай отырып, жануды қолда бар құралдармен оқшаулауға кірісіңіз.