
18 сәуірде сағат 23:30 шамасында Чернова көшесінде өрт шықты. Өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте екі қабатты үйдің екінші қабатында ағаш жиһаз конструкциялары, терезе және есік блоктары, жеке заттар жанып жатты. Қауіпсіздік мақсатында №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері 6 тұрғынды эвакуациялады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жалпы алаңы 45 шаршы метр болатын өрт толығымен жойылды. Өрттің себебі- электр жабдығы жұмысының авариялық режімі. Пәтер иесінің айтуынша, үйден кетіп бара жатып, ол розеткаға қосылған ұялы телефонды қалдырып кеткен. Ол қайтып оралған кезде, жанып жатқан жануға тап болған.
ШҚО ТЖД азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ескертеді:
- Үйден шыққанда электр құралдарын қосулы қалдырмаңыз;
- Розеткалар мен электр сымдарындағы бұзышылықтарды, ақауларды дер кезінде жойыңыз.
Егер электр құралы жанса не істеу керек?
- баспалдақтағы электр тақтасы арқылы пәтерді ажыратыңыз;
- егер жалын аз болса және сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызға қауіп төндірмесе, өртті өз бетіңізше жеңуге тырысыңыз және бір уақытта 101 немесе 112 телефоны бойынша құтқарушыларды шақырыңыз.