
ШҚО ТЖД құтқарушылары "онлайн" режимінде интерактивті сабақ өткізді. Басты тақырып су айдындарындағы тәртіп ережелері және рұқсат етілмеген жерлерде шомылу қаупі болды. "Жазғы кезең жақындап келеді және су айдындарында балалардың қатысуымен болатын оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік ережелерін білу өте өзекті", - деп атап өтті ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары Дәурен Ағажаев.
20 000 астам оқушылар суда құтқарудың бастапқы құралдары және адамға алғашқы көмек көрсету тәсілдері туралы білді. ШҚО ТЖД мамандары балаларды ережелерді бұлжытпай сақтауға, атап айтқанда шомылуға арналған орындар жергілікті жердің қауіпсіздік шараларын сақтай отырып таңдалатынын есте сақтауға шақырды. Өзеннің немесе су қоймасының түбі таяз, тереңдігі кенеттен өзгермей, тастар мен шөгінділерден тазартылуы керек. Балалар тек ересектердің сүйемелдеуімен жүзе алады. Бейтаныс жерде секіруге немесе суға түсуге болмайды, өйткені түбінде өмірге қауіпті заттар болуы мүмкін.
Сонымен қатар, сабақ барысында құтқарушылар оқушыларға шұғыл қызметтердің телефон нөмірлерін еске салды. Көрнекі мысалдар мен ақпаратты игеру үшін интерактивті сабақ слайдтық көрсетіліммен сүйемелденді.
Сабақ соңында балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби жауаптар алды.
Сонымен қатар, құтқарушылар жоғарыда аталған мекемелер ашылғанға дейін Қауіпсіз жазғы демалыстар үшін барлық талаптарды сақтау үшін білім беру нысандары мен балалар демалыс лагерлерінің басшыларына нұсқау беруді ұйымдастырды.