
Шығыс Қазақстанда ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері демалыс күндері 150-ден астам рет құрғақ шөпті сөндіруге шықты.
Семей қаласында өрт сөндірушілер Мирный саяжай алабының аумағындағы отты жойды. Құрғақ шөптің, қамыстың жануы нәтижесінде өрт 8 саяжай учаскелерінің құрылысына (8 үй және 6 шаруашылық құрылысы) өте тез тарады. Үйлесімді іс-қимылдардың арқасында Құтқарушылар жалпы ауданы 1000 ш.м. өртті сөндірді. Барлығы 40 қызметкер мен 11 бірлік техника жұмылдырылды. Ұлан ауданының Асу Бұлақ ауылында құрғақ шөп ашық алаңда жанып, от 1 тұрғын және 3 тұрғын емес жеке үйлердің ағаш конструкцияларына, сондай-ақ шаруашылық құрылыстарының блоктарына (4 монша және 3 гараж) тарады. Өрт сөндірушілер жалпы алаңда 400 шаршы метр өртті сөндірді. Өрттің шығу себебі – тұрмыстық қалдықтарды (қоқысты) жағу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау. 1987 жылы туған кінәлі азамат «Әкімшілік жауапкершілік туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 336-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тарбағатай ауданы "Төрткүл" қыстағының аумағында шаруашылық құрылыс блогының шатырының ағаш құрылымдары жанды. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін отта 5 бұзау өлген. Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жалпы ауданы 700 ш.м. өртті сөндірді. Өрттің шығу себебі – отпен жұмыс жасау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.
Азаматтар қыстан кейінгі шөп пен қоқысты жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамайтындықтан, құтқарушылар өртті сөндіруге қанша сағаттарын кетіруде.
ШҚО ТЖД мамандары мұндай өрттердің себебі қыстан кейін аумақты құрғақ шөптен және қоқыстан белсенді түрде тазалай бастайтын және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамайтын, соның ішінде автожол бойына сөндірілмеген темекі тұқылдарын лақтыратын адамдар болып табылатынын атап өтті.
Шөптің бақылаусыз жағылуын тоқтату және өрттің алдын алу үшін қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың қызметкерлері
Шөпті бақылаусыз жағуды тоқтату және ықтимал өрттердің алдын алу үшін қазіргі уақытта мемлекеттік өрт бақылау органдарының қызметкерлері полицейлермен, орманшылармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өрт қауіпсіздігін сақтау және құрғақ шөпті өсімдіктерді өртеу фактілерін анықтау бөлігінде профилактикалық рейдтер жүргізе бастады. 312 адамнан тұратын 44 мобильді топ құрылды.
«Бүгінгі таңда 20 профилактикалық рейд жүргізілді. Нәтижелері бойынша құрғақ шөпті өсімдіктерді өртеуге және от жағуға байланысты бұзушылықтарға жол бергені үшін 2 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Халықпен тұрақты профилактикалық жұмыс жүргізіледі, шаруа қожалықтары басшыларының қатысуымен халықпен жиындар және 9 дөңгелек үстел ұйымдастырылды», - деп атап өтті ШҚО ТЖД.
Жергілікті атқарушы органдар елді мекендер мен ормандарды минералданған белдеулермен қорғау бойынша жұмыс бастады.
Өрттерге қарсы ең басты шара – адамдардың санасы мен қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау.
ШҚО ТЖД ескертеді: рұқсат етілмеген орындарға от қою, ауыл шаруашылығы алқаптарында құрғақ шөптің бақылаусыз жағу, орылған шөпті өртеуғ сондай-ақ орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336 және 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікті көздейді. Бұдан басқа, ҚР Қылмыстық Кодексінің 204 - бабы бойынша отпен немесе өзге де аса қауіпті көздермен абайсызда жұмыс істеу жолымен жасалған не ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтірген бөтен мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру-екі мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не түзеу жұмыстарына жазаланады.