Құтқарушылар жазғы киім үлгісіне көшті

Құтқарушылар жазғы киім үлгісіне көшті

Бүгін ШҚО ТЖД жазғы киім үлгісіне көшуге байланысты саптық байқау өткізілді. Азаматтық қорғау қызметкерлерінің дайындығын ШҚО ТЖД Кадр саясаты басқармасы мен Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері жүргізді. Олар әрбір жетонның жеке нөмірлері, төсбелгілері және қызметтік куәліктерінің бар-жоғын, сондай-ақ нысанды киімнің сәйкестігіне көз жеткізді. Бұл күні ант қабылдау ұйымдастырылды. Жас қызметкерлер ант сөздерін мақтанышпен айтып, азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызметке деген жауапкершілігін, адалдығы мен парызын сезіне отырып, қызметтегі барлық ауыртпалықтарға төзуге ант берді. Осындай саптық байқаулар Шығыс Қазақстан құтқарушыларының барлық аумақтық бөлімшелерінде өткізілетін болады.