Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының түлектері қалай өмір сүруде

Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының түлектері қалай өмір сүруде

Мерей Шәріпханов ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қатарына жұмыс атқаруға ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы академияны бітіре салып келген. Еңбек жолын Мамандандырылған жасақтың жауынгерлік және дене күш даярлығы бойынша аға нұсқаушысы лауазымында бастаған. Кейін қажетті тәжірибе жинап 2016 жылы Өрт сөндіру  кезекші қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі болды. 2020 жылы Өрт сөндіру қызметі бөлімінде  қызмет атқарып үлгерді, ал 2021 жылы табандылығы мен мақсаттылығының, сондай-ақ жұмыстағы жоғары көрсеткішінің арқасында Өрт сөндіру кезекші қызметі жедел кезекшісінің орынбасары лауазымын иеленді.

Қазір Мерей азаматтық қорғау майоры,ол  өзінің 30 жасында Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының қауіпсіздігі үшін аянбай қызмет атқаруын жалғастыруда. Артында 100 астам өрттер жойылды. 2021 жылы Сатпаев даңғылы  бойынша орналасқан көп пәтерлі үйде туындаған үйде Шәріпхановтың басшылығымен 53 адам құтқарылды. Мерейдің алдағы жоспары тұрғын үй сатып алынғандықтан от басын құру.

«Диплом алу – менің өмірімдегі маңызды оқиға», - деп Академия түлегі Валентин Литвиненко есіне алады. Ол 2007 жылы болды, жүректе жан толқу, қуаныш және таң қалу сезімі сезілді. Лейтенант пагоны тапсырылғаннан кейін, төтенше жағдайлар жүйеснде 16 жыл қызмет атқарудамын. Мен қызметімді Өскемен қ. № 2 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы лауазымында бастағам. Алғашқы күндері ақ Бажова көшесіндегі өртті сөндіруге қатысып отпен күрестен өттім. Үйде жатын бөлме жайы жанып жатты және қалың түтін болды. Мен әріптестеріммен жауынгерлік барлауды өткізіп, дәліздің еденінде жатқан үй иесін байқап қалдым, оны дереу сыртқа шығарып жедел медициналық көмек көрсету дәрігерлерінің қолына тапсырдым. Өрт сөндіру бөлімінде осындай өрттер менде талай болды.  Кейін мені Өскемен қ. ТЖ басқармасының мемлекеттік өртті бақылау бөлімініңаға инженері лауазымына ауыстырды. Қала объектілеріне өрт-техникалық тексеру, әкімшілік тәжірибе, қала объектілеріне өрт қауіпсіздігі ережесін алдын алуді жүргізумен айналыстым.

Өзінің 32 жасында Валентин Литвиненко азаматтық қорғау бөліміне жетекшілік етеді. «Жауапкершілік артты, өткені мен жалғызбын, және қаланы төтенше жағдайдан қорғайтын барлық мәселелерді атқаратын команданы сауатты басқару керек. Алғашында қиынырақ болды, өйткені қол астымда пагон киген адамдар ғана болған жоқ, онымен бірге әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерде болды, олардың көз қарастары әр түрлі болды, команданың түсіністігінің арқасында біз жиналдық, енді біз біргеміз», - дейді Валентин. Егер әркім өз тапсырмасын жақсы білсе команда үйлесімді болады.

Біздің кейіпкеріміздің тәжірибесінде облыс орталығындағы күнделікті оқиғалар, қиын төтенше жағдайларды жоюдағы жетістіктері. Бұл зиянды заттарды табу, су тасқыны, апаттарды алып тастағанда. 2018 жылғы тасқын Валентин Литвиненконың ведомствосы үшін қауіпті кезең болды. Қаланы және оның тұрғындарын «үлкен судан» құтқару және деректерді жинап үлгеру керек болды. Сондай-ақ Литвиненконың және оның ведомствосының иығына адамдарды қауіпті аймақтан қала сыртындағы аймаққа шығару, жұртшылықты хабардар ету және объектілерде байланыс жағдайын жақсарту, маңызды құжаттарды жасау бойынша бірқатар шаралар қабылдау туралы жауапкершіліктер артылалы. 

  • Сіздің кәсібіңізді игеру қиын ба? Және қандай білім алу керек?

«Менің кәсібімді игеру оңай емес, мақсатты және өзіне сенімді адамдарда бәрі болады, жетістікке жетеді. Көкшетау қаласында орналасқан М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу керек», - деп жауап берді майор Литвиненко.

         Жас офицердің тағы бір үлкен және өте жауапты мақсаты бар – үш қыз өсіп келе жатқан семьяға лайықты күйеу мен әке болу. Уақыттың жетпеуіне және қиын, бірақ өте құрметті қызметке қарамастан оған оның мүмкіндігі бар.