Семей қ. құтқарушылары шұңқырға құлаған сиырды алып шықты

Семей қ. құтқарушылары шұңқырға құлаған сиырды алып шықты

         Семей қаласының маңындағы Березовский ауылының тұрғыны үйінің жанындағы шұңқырға құлаған сиырды байқап, шұғыл түрде құтқарушыларды шақырды.
         Сиырдың суға толы шұңқырға құлауы жағдайды қиындатты. Оқиға орнына келген Мамандандырылған жасақтың қызметкерлері жануарды арқанмен орап, сиырды шұңқырдан абайлап алып шықты. Жануардың күші әбден таусылған.
         Сиыр шұңқырда қанша уақыт болғаны белгісіз, бірақ басында тіпті орнынан тұра алмады.​ ​
         Жануардың иесі белгісіз болғандықтан, құтқарушылар қоңырау шалушыға азаматшаға сиырды жеткізді.​ ​ ​ ​ ​
         ШҚО ТЖД жануарлары бар азаматтардан өздерінің малдарын қараусыз қалдырмауды, оларды арнайы бөлінген орындарда бағуды сұрайды.