ШҚО ТЖД-да психологтар арасында семинар өтті

ШҚО ТЖД-да психологтар арасында семинар өтті

Семинар "2022-2025 жылдарға арналған азаматтық қорғау органдарының жеке құрамы арасында суицидтің алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары" тармақтарын іске асыру шеңберінде ШҚО ТЖД психологтарының бастамасы бойынша ұйымдастырылып, өткізілді.

"Бүгінгі таңда қызметкерлермен психопрофилактикалық жұмысты ұйымдастыру тақырыбы өте өзекті, қызметкерлер күн сайын күйзеліске ұшырайды. Психологтар оларға уақытылы көмек көрсетуі керек". Семинардың басты мақсаты қызметкерлерді психологиялық сүйемелдеуді тиімді ұйымдастыру әдістерін әзірлеу", - деп атап өтті ШҚО ТЖД психологы Светлана Андрусенко. 

Іс-шараға ШҚО ҰҚКД, ШҚО полиция департаменті, ШҚО ҚАЖД сияқты күш құрылымдарының психолог-мамандары және "ШҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ" ММ бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Сонымен қатар, Халифа Алтай мешітінің имамы К.К. Дауылбаев пен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ психология кафедрасының профессоры, тәжірибелі психолог Ольга Сергиенко шақырылды.

Психологтар бейресми жағдайда жұмысты ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Мамандар өздерінің практикалық тәжірибелерімен бөлісті және өз қызметтерінен нақты жағдайлар келтірді. Диалогтың негізі қызметкерлерді психодиагностикалық зерттеу жүргізудегі жеке тәсілді талқылау және тренингтік және түзету іс-шараларын өткізу болды.

Дөңгелек үстелдің тағы бір қызықты кезеңі тәжірибелі психолог Ольга Сергиенкодан шеберлік сағаты болды, ол әріптестерімен дағдарыстық психотерапия жұмысының заманауи әдістерімен бөлісті. Арт-терапия жұмысының инновациялық әдістерін келтірді.

Шақырылған қонақтардың арқасында семинар барысында діни, ғылыми және практикалық психология тұрғысынан бірден бірнеше бағыт қарастырылды.