Назар аударыңыз! Саяжай маусымы!!!

Назар аударыңыз! Саяжай маусымы!!!

 Көктемнің жылы күндерінің басталуымен саяжай мезгілі басталады, онда учаскелердің иелері өз аумақтарын тазартуға және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізуге кіріседі. Саяжай иелерінің таңғажайып бейқамдығына мысал ретінде жол бойындағы қоқыстардың жиналуын айтуға болады. Бағбандар кесілген ағаштар мен бұталарды құрылыс материялдарының қалдықтарын, ескі заттарды шығарады. Жоғары ауа температурасында қоқыс үйіндісінің оңай тұтануы үшін бір лақтырылған темекі тұқылы жеткілікті. Бұл жағдайда өрт міндетті түрде жақын маңдағы саяжай үйлеріне таралуы мүмкін. Саяжайларда өрттің одан әрі шығуын болдырмау мақсатында Зайсан ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары рейдтік іс-шаралар өткізіп, бағбандарға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау және алғашқы өрт сөндіру құралдарын жинақтау қажеттігін түсіндіруде. Сіздің бақша учаскесінде өрттің алдын алу үшін үй мен аумақты тиісті жағдайда ұстау қажет. Қауіпсіздік ережелерін уақытылы сақтау өрттің алдын алуға, сол арқылы өзіңіздің жақындарыңыздың, достарыңызбен көршілеріңіздің өмірі мен денсаулығына зиян келтірмеуге және сақтауға мүмкіндік береді. Жаз маусымының басталуымен демалушылар от жағады, барбекю пісіреді, монша жағады өкінішке орай бұл кейде қайғылы салдарға әкеледі. Құрметті Зайсан ауданының тұрғындары мен қонақтары Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!