ӨРТ ҚАУІПТІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ!

ӨРТ ҚАУІПТІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ!

 

            Шемонаиха ауданының аумағында 2022 жылғы сәуір айының басынан бастап ашық алаңдарда құрғық шөп пен қоқыс жанудың бірнеше фактілері тіркелді.

            Жыл сайын Қазақстан Республикасының аумағында көктемнің басынан бастап күздің соңына дейін өрт қауіпті кезеңі басталады. Құрғақ және ыстық ауа райының басталуымен ашақ алаңдарда, саябақтарда, скверлерде және орман-саябақ аумақтарында құрғақ шөп, бұталар, жиналмаған қоқыстар жанып өрттер саны күрт өседі. Бұл құбылыс еш зиянсыз емес, егер өрт дер кезінде сөндірілмесе, орманды саябақ аймақтары, дала егістіктеріне, тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстарға дейін таралуы мүмкін.

            Шөп пен қоқыстардың жануы кезінде бөлінген түтін күрделі химиялық құрамға ие, тыныс алуға жарамсыз және онсыз да қолаймыз экологиялық жағдайды нашарлатады. Таңертең немесе кешке қалада қүйік иісі сезіліп, қалада түтін пердесі ілініп тұрғанда Сіздердің әрқайсыларыңыз бұған көз жеткізе аласыздар.

 

            Есіңізде болсын: отқа деген кез келген немқұрайлық, темекі шегу мен демалушылардың немқұрайлығы жасыл алқаптар мен ормандардың, егістіктердің, тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстарының бұзылуына алып келуі мүмкін. Мұндай өрттердің ауданы бір немесе бірнеше шаршы киллометрге дейін болуы мүмкін.Біздің ортақ міндетіміз және азаматтық борышымыз – қолдан келгеннің бәрін жасау және күрделі төтенше жағдайлардың алдын алу.

 

            Есініңзе болсын, қатаң тыйым салынады:

  • ғимараттардан 50 метрден аз қашақтықта ашақ жерлерде қоқысты жағу;
  • құрғақ шөпті жағу;
  • от жагу, ашық отты пайдалану, әсіресе орманды жерлерде.

Өрт қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтар үшін кінәләлер әкімшілік жауапкершілікке тартылады!

 

Жүргізушілер!

Көлік терезесінен лақтырылған сіріңке немесе темекі өртке әкелуі мүмкін екенін үмытпаңыз.

 

Ата-аналар!

Балалардың күнделікті ойындарында үнемі қадағалау қажеттігін тағы да еске саламыз. Отпен өте сақ және абай болыңыз!