
Жарма ауданы Қалбатау ауылында жеке тұрғын үйде төбе жабынының, есік ойығының, жиһаздың ағаш құрылымдары жанды. Өрттің шығу себебі: электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.
Өскеменде Көкшетау көшесі бойынша жеке тұрғын үйде шатырдың ағаш құрылымдары, жалпы ауданы 50 шаршы метр верандалар өртенді.
Семей қаласында саяжай тұрғын үйінде жалпы алаңы 48 ш.м. веранданың ағаш конструкциялары, терезе, есік ойықтары, шатырдың ағаш конструкциялары, жиһаз, жеке заттар өртенді. Өрттің шығу себебі: электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезіндегі ӨҚТ сақтамау.
Күршім ауданы, Шәкәрім көшесінің бойындағы бақша аумағында ауданы 2 га құрғақ шөп өртенді, өрт жақын орналасқан 2,5 және 4 тонна шөпке жайылды, сондай-ақ 10 м.куб ағаш материалдары өртенді.
Өрттің барлығын өрт сөндіру бөлімшелері шұғыл сөндірді.
ШҚО ТЖД қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салады. Көптеген өрттердің алдын алуға болады, ол үшін бұзушылықтарды уақытында жойып, отпен абай болу керек.
Құтқарушылар азаматтардан келесі ережелерге назар аударуды сұрайды:
- электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіз және қосылған электр аспаптарын қараусыз қалдырмаңыз;
- отпен абайсызда жұмыс істеуге жол бермеңіз;
- есіңізде болсын, ешқандай жағдайда пештерді жағу үшін жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтарды (бензин, керосин және т.б.) қолдануға болмайды;
- бір розеткаға бірнеше қуатты тұрмыстық электр аспаптарын қосу арқылы электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіз;
- учаскелерде құрғақ шөпті тұтатпаңыз.
ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Кодексінің 410-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.