
Семей қ. ТЖБ Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің қызметкері азаматтық қорғау лейтенанты М. Ж. Кожанова № 4 Жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді.
Оқытудың негізгі әдісі ретінде қызықты әңгімелер және өрт тақырыбы бойынша жұмбақтарды шешетін ойындар қолданылды. Жалпы, мұндай ойындар мектеп оқушыларын оқытуда маңызды орын алуы керек. Олар алған білімдерін бекітіп қана қоймай, жеке біліктері мен дағдыларын пысықтауға, оқушыларда өрт қауіпсіздігі ережелері туралы түсініктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сабақ соңында оқушыларға өрт қауіпсіздігі бойынша дәптерлер мен көрнекі жадынамалар таратылды.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін дәстүрлі емес формаларымен оқыту бойынша осы сабақтың тұжырымдамасында балалар мен жасөспірімдердің санасында жеке және ұжымдық өрт қауіпсіздігі сезімін қалыптастыру, өрттің қауіптілігін тану және бағалау дағдыларын, сондай-ақ өртпен байланысты төтенше жағдайларда қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру идеясы жатыр. Балалардың санасына отты ұқыпсыз пайдаланудың кесірінен жазатайым оқиғалар туындайтының жеткізу.
СЕМЕЙ қ. ТЖ басқармасы өрт кезінде өзін қалай ұстау керектігін еске салады!
Өзінің және жақындарының өмірін сақтап қалу үшін әр адам өрт кезінде өзін-өзі ұстаудың негізгі ережелерін білуі тиіс:
Өте қауіпті, сондықтан тыйым салынады:
ӘР ТҮРЛІ ЖАҒДАЙЛАРДА ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУДЫ ҰМЫТПАҢЫЗ!