Құтқарушылар мұнай өнімдер объектісінде өртті шартты түрде сөндірді

Құтқарушылар мұнай өнімдер объектісінде өртті шартты түрде сөндірді

Мұнай өнімдердің сақталу объектісіне өрт сигналы түскен сәттен бастап автоматты түрде қиындығы жоғары өрт деңгейі беріледі. Төтенше жағдай орын алғаннан бастап алғашқы минуттарында көп нәрсе объект әкімшіліктің, ТЖ қызметі қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің нақты, дұрыс шешім қабылдауына байланысты.

Аңыз бойынша отын-энергетика кәсіпорынның қоймасындағы резервуар жарылу салдарынан өрт шыққан. Өрт шарпыған аумақ шашамен 100 шаршы метрді құрайды. Оқиға орнына дереу жеткен ШҚО ТЖД өрт сөндіру қызметкерлері алдымен жанып жатқан резервуарды салқындату үшін бірнеше оқпан берді, содан кейін көрші резервуарларды жалынның таралуынан қорғады. Ынтымақтастық туралы  келісім шартқа сейкес өртті сөндіруге «Қазақстан Темір Жолы» АҚ өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Пойызда орналасқан 100 тонналық су құбыры мен көбік түзеткіштің арқасында мұндай өрттерді тез жоюға болады.

Дұрыс ұйымдастырылған авариялық-құтқару жұмыстарының және оқу жаттығуларға қатысқан барлық қатысушылардың кешенді өзара нық іс-қимылдарының нәтижиесінде қойылған міндеттер орындалды.

Барлығы  жеке құрамнан  55 адам және 8 техника, сонымен қатар бір поезд жұмылдырылды.